kz_03

Мемлекет басшысы академик Кенжеғали Сағадиевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында отандық ғылымды дамытудың түйінді аспектілері, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы еліміздің ғылыми жұртшылығы әлемдік экономика мен геосаясаттың ағымдағы шешімдерінің нұсқаларын және оған өз бағасын беруге міндетті екенін баса айтты. – Бүгінде ешбір сарапшы одан әрі даму және туындаған жағдайдан шығу жолдарын болжай алмайды. Еуропа, АҚШ, Қытайдағы істердің хал-ахуалы туралы жеке ойлар болғанымен, біртұтас көрінісін ешкім ұсына алмайды. Елдердің арасында туындаған санкциялық тікетірестері әлемдік сауда жүйесіне жағымды әсер көрсетпейді. Тек ортақ әрекеттің көмегімен ғана күресуге болатын лаңкестік қаупі жеке көңіл бөлуді талап етеді. Қазақстанның Президенті осы сын-тегеуріндер туралы біздің ғылыми-сарапшы топтардың дәйекті ойлары болуы керектігін айтты. К.Сағадиев елдегі ғалымдардың қазіргі қиын кезеңде қоғамға қызмет етуі кәсіби борышы екенін ескере отырып, өздеріне жүктелген жауапкершілікті ұғынатынын атап өтті. Академик, сонымен бірге бүгінгі күні Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ұлттық жоспар барынша қолданылуы тиіс әлеует, тарихи мүмкіндік болып табылатынын атап көрсетті. Осы үдеріске ғылым өкілдерімен қатар, республикамыздың барлық жұртшылығы белсенді қатысуы қажет. 22 қаңтар 2016 ж. Хабар 24
Playlists : main_kz

Leave a Reply

Your email address will not be published.