kz_13

Халықаралық ғылыми конференция – Қазақстандағы адами капитал: жағдайы және даму болашағы – ҚР ҒАҰ Академигі К.Ә.Сағадиевтің мерейтойына арналған конференция. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2013 жылдың 22 ақпанында өтеді. Конференция ҚР білім және ғылым Министрлігімен, ҚР әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі мәжіліс Парламентінің комитетімен, Тұңғыш Президент қоры – Ұлт көшбасшысы және Еуразия ұлттық университетімен ұйымдастырылған. Конференцияның мақсаты – адами капиталдың дамуына әсер ететін факторлардың жиынтығын білім және ғылым, денсаулық сақтау, қоршаған орта жағдайын, институционалдық ортаны, еңбек нарығын, әлеуметтік және мәдени факторларды ескере отырып, талқылау және талдау. Конференцияда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары К.Келімбетов, қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Каппаров, тұрғындарды еңбек және әлеуметтік қорғау министрі С.Абденов, академик К.Сағадиев және тағы басқалары қатысты. Шараға АҚШ-тың танымал қоғам қайраткері Марта Олкотт, KISTEP президенті (Оңтүстік-Корея мемлекетінің ҒЗИ дамуы мен ғылымы), Ли ДжунгШенг, Қытай ғылыми-техникалық ЦиньХуа саясаты институтының директоры , ХХІ ғасырдың дамуын зерттеу Академиясының вице-президенті, Синхуа университетінің деканы проф. Cюэ Лан, Қытай ғылым академиясын жетілдіру жөніндегі орталықтың директоры проф. Хуанчи Хе, Кембридж университетінің профессоры Сидхарт С.Саксена және тағы басқалары қатысады. Конференцияға ҒЗИ мен ЖОО ғалымдары, профессорлары, докторанттары мен магистрлері қатысады. Конференция мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА бұрынғы президенті, Қазақстанның бір неше жоғары оқу орнының ректоры,академик Кенжеғали Сағадиевтің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. «Хабар», «Хабар24»
Playlists : main_kz

Leave a Reply

Your email address will not be published.