kz_21

G - Global әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолы ретінде. Әлемдік экономикалық дағдарыспен күресуде ұжымдық күш салу қажет. Eліміздің жетекші экономистері Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың G-Global диалогтық алаңын құру туралы ойын мақұлдайды. Академик Кенжеғали Сағадиевтің ойынша, бүкіләлемдік экономикалық дағдарысқа қарсы форум дамыған және дамып келе жатқан елдер ретінде дағдарыстан шығуға қатысуда нақты ұсыныстарды қалыптастыруға бағыталған. ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, КЕНЖЕҒАЛИ САҒАДИЕВ: - Осы мәселені шешуге көптеген елдерді қатыстыру керек. Әр елдің жағымды және жағымсыз тәжерибесі бар. Егер біз осы мәселені шешуге көптеген елдерді қатыстыра алсақ, онда олардан дағдарыстан шығудың тәжірибесін ала аламыз. Осындай кең ойлармен алмасудың нәтижесінде дағдарыстан шығудың және болашақта әлемнің және әр елдің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің қандай да бір нақты шараларын анықтай аламыз. Президенттің G-global бастамасы нақ осыған бағытталған. 26 маусым 2012 ж. “Хабар”
Playlists : main_kz

Leave a Reply

Your email address will not be published.