kz_22

Бүгін Алматыда атақты ғалым, талантты ұйымдастырушы әрі басқарушы, академик Өмірбек Сұлтанғазинге арналған «Ғылым сардарлары» клубының бірінші отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар ғалым туралы көптеген сөздер айтты. 300 –ден аса ғылыми еңбектердің авторы Ө.Сұлтанғазин Қазақстанның атақты ғалымдарының қатарынан құрметті орынға ие. Адал өмір сүру, ғылыммен айналысу – оның өмірлік ұстанымы. Оның жары Райхан Гани қызы «Ол бар өмірін ғылымға арнады», - деді. Клубты құрудың басты мақсаты – отандық ғылымның озық ғылыми жетістіктерін көрсету, жастарды ғылыми тақырыптарды талқылау процесіне және болашақта ғылыми қызметтің әртүрлі саласын дамытуға белсене араластыру. ҚР ҰҒА академигі Кенжеғали Сағадиев: « Ғылым – Қазақстанның болашағы»,- деп мәлімдеді. Отырыста «Ғылым сардарлары» клубының нәтижелі жұмысына ҚР ұлттық ғылым академиясы ғана емес, министрліктер, ведомостволар, әкімдіктер, бизнес- құрылымдар және еліміздің жастар ұйымы қызығушылық танытып отырғаны айтылды. 19.06.2012 ж. “Хабар”, http://www.kazinform.kz
Playlists : main_kz

Leave a Reply

Your email address will not be published.